Емексітіп, еліктіріп тұрып қолға ілікпейтін тұрлаусыз, баянсыз үміт, арман туралы. ~ Осы уаққа дейін тәтті армандай малданып келгені алдамшы сағымдай бірте-бірте жоғалып, өзінен бара жатқанын сезінгенде Сәлима қатты өкініп, жылап жібере жаздады. М.Сүн. ~ Қалаға көшкім келеді. Кейде президиумда отырған өзінді телевизордан көргенде ішім удай ашиды. Алыстағы алдамшы сағымдай бар өмір босқа өтіп барады. Ш.Айт. ~ Осы азғана күнде ол үрей, қорқыныш, ойсыраған өкініш, ауыр қайғы, сағымдай алдамшы үміт, ащы ыза, өрттей жалаған күйініш атаулының алуан түрін басынан өткерді. Т.Ахт.
