1. Қарсы алды. ~ Олар қозы кеш жерден алдынан шығып, қонақтарын бөлінген үйлерге түсіріп жатты. К.Қаз.
2. Қарсы келді, алдын орады, орағытты. ~ Қара тоқал қайқаңдап, қажының алдынан шықты. Б.Май. ~ Содан жау алдынан шығып, арындап келе жатқан айғырдың шабысын ірікпек болып, кекілінен ұстап жұлқа кілт тартып қалған екен, сұрапыл күшке шыдамаған жылқы терісі жыртылып кетіп, жалы таспадай тілініп, шоқтығынан бір-ақ шығыпты. Б.Тоғ.
3. Біреуге істегені (жаксылығы не жамандығы, айтқан сөзі) өзіне келді. ~ Бірақ кержақтық қырсығы ұстай қалды. — Басқа не іздеймін?! — Ол осы сәт бұл сөз алдынан шығады деп ойламаған. А.Алт. ~ Бек оны шығарып салып, қайтып келгенше Күлшәрі қиын күндерде Әбеннің шешесіне өзі істеген жақсылығының пәлен жылдан кейін алдынан шыққаны есіне түсіп, іштей «тәуба!» деп қойды. Б.Тоғ.
