Өз айтқанын ғана істеп, бет бақтырмай, маңына жан жолатпайтын адам туралы. ~ Әке- шешесі жоқ, біреудің қолында өскен жетім, кім біледі, қандай тәлім-тәрбие алғанын. Үлкенді сыйлап, кішіні қарағым-шырағым деп тұра ала ма? Әлде, алдына келгенді тістеп, артына келгенді теуіп, маңайына жуытпайтын асау бола ма?.. З.Шаш. ~ Әй, бұлттай аунақшып, алжымай жөніңе отыр, – деді Мамай көзінен қаһары шашырап. – Мәке, сізге не болған, алдыға келгенді тістеп, артқа келгенді тепкілеп мазаңыз кетті ғой, тегі, – деді Тұтан. Ш.Мұр. ~ Мыналар ма, мыналар Қасенге де, Семейханға да ұқсамайды. Аузыңды артына қаратып кетпесін. Мұрат қолымды жібермей: «Кешке қолымыз бос. Соғып тұр!»– деп қиылғанда, маған іші елжіреп тұрған жоқ. Артына келгенді теуіп, алдына келгенді тістеп, аласатып тұрған Досан қыршаңқыны қайтсін. М.Қаб.
