Алдына жайып салды. ~ 2017 жылы газет тілшілерінің жасырып-жасқанбай қалалық биліктің алдына кесе-көлденең тартқан мәселелерінің бірі қазақ тілі жағдайы болды. БАҚ ~ Неге ғана дүмбілез, топас, қатыгез етіп жаратпадың?! Нәзікті үзіп, түзуді сындырып, жұрттың көз жасынан сусын ішіп, қайғы-қасіретінен шекпен пішіп, шен тағып жүре беретін!.. Неге ғана кеще, миғұла етпедің?! Ақты қара, қараны ақ деп, құйрықты жал, адамды мал деп, бүгінім мен ертеңімді, күнім мен түнімді айырмай күн кешетін; неге ғана жынды, нақұрыс етпедің?! Жақсы мен жаманды, жұмсақ пен қаттыны сезбей жүре беретін; неге ғана cepi етіп жараттың, сері етерің бар, құнымды түсіріп, пері етер сергелдең заманыңды неге алдымнан кесе-көлденең тарттың?! Неге, неге жараттың?! Хақ Тағала, сенің бар ұсқының, жаратылысың осы ма? С.Жүн.
