Posted in

АЛДЫНА ТАРТТЫ

1.Алдына әкеп, жайып салды. ~ Алдыға ет келді. Өлмес ешкінің басын жеке шағын табаққа салып Тауманның алдына тартты. Т.Әбд. ~ Көзі ілінер емес: ұшы-қиыры жоқ түпсіз ой құшағына алып, бірінен соң бірін әкеп алдына тартып тұрғандай. Т.Сәу.
2. Мойын ұсындыру, алдына жүгіндіру мағынасында. ~ Қарашаш деді: — Ізіңмен бәрің де қайт, Әділ кел, Әлімқұлға болмай мият. Сиякты Сапақ итің кірді үйіме, Алып кел, айыпкерді алдыма тарт! І.Жан. ~ Шәкербайдың мені тағы да әкімдер алдына тартып, әйелдер жиынына қатынасуыма қарсы шығуы – осы қыздарды өз еріктерінен тыс зорлап қайтаруын жасыру үшін еді. Қ.Шаб.
3. Дәлел келтірді, қисынды сөз айтты. ~ Соны ақылдасу ниеті еді менің сізбен сөйлескенім. Енді міне, сіз мақұлдасаңыз, біздің өтінішіміз: соларға барып бір ауыз сөз айтсаңыз. Адасқандарына арты жөн болар жағын алдына тартсаңыз. Көбі бейкүнә шаруа… Х.Ес.
4. Назарына ұсынды. ~ Жайлауда «ерулік» жеу үш

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *