Posted in

АЛДЫНА ТҮСТІ

1.Озып кетті. ~ Бiрақ аброй-беделi классиктен зор. Іскерлiк жағынан әдебиетте оның алдына түсе қоятын жан кем де кем шығар. Т. Сәу.
2.Үлкеннің жолын алу, дәстүрді бұзып, ағаның алдына шығу мағынасында. ~ Әкелердің алдына түсіп ақыл айту бала үшін ұят шығар,– дедім мен. Қ.Шаб.
3. Айтқанына көніп, айдауына жүрді. ~ … бұйыра сөйлесе, тұяқ серпуге шамасы келмей әлгінің алдына түсіп мөнтеңдеп жүре беретін. О.Сәр.
4. Жұртты бастады, соңынан ертті. ~ Ал жүріңіздер! Өздеріңізге арнап мына Пахраддин мырза дастарқан жайып қонақасы дайындап отыр! — деп Шәріп жортақтап қонактардың алдына түсті. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *