Posted in

АЛДЫН КЕСТІ

1. Бөгет қылды; кедергі жасады. ~ Бірақ әкесінің табан асты ашу шақырып, оның алдын кесіп тастағаны көңіліне кірбің түсіріп өткендей болды. Д.Ис. ~ … сөйтіп, бір жапырақ қағазды онымен кездесудің дәнекері етіп сыртқа өзі алып шығарын осы машинада отырып-ақ күн ілгері топшылап қойып еді, бірақ жігіт сыныққа сылтау қалдырмай бір-ақ сөзбен оның алдын кесіп, амалын құртып кетті. Д.Ис.
2. Қарсы алдынан өтті, жолын қиды. ~ “Балам әуелі алдымнан өтіп, пұрсат сұрап, ауылдың үлкенінің алдын кесіп өтпейтін майлық-сулығы бірдей ауыл қызына үйленбеді, недәрә айтқанымды істемеді” деп қитықты да қалды. Д.Дос. ~ «Мына ауылдың төңірегіндей құладүз дала жоқ. Ох, туған жер…» Остаптың алдын кесе үш бала жүгіріп өтті. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *