Алдын кесті, алдынан шықты, қарсы келді. ~ Сол жерге, сол жерге. Шөбі қалың, құрғақ ойтаң, — деп ана жануарға «ақылын» айтты да қарт саулықтың алдын орағытып, ыңғайлы деген жеріне қайыра түсті. Х.Ес. ~ Бекең үлкен еді. Кей– кейде жасын сыйламай алдын орағытып кеткен де шығармын. С.См. ~ Ұшар, айтты–айтпады, естi ит екен, иесiнiң сiлтеген бағытына қарай, қоянның алдын орағытып қақпайлап жүр. Т.Сәу. ~ Ақметше қағазға кезін тікті, бірақ оған қол созбады. Тек «шынымен алданғаны ма?» деген ой алдын орағыштай берді. Х.Ес.
