Posted in

АЛДЫ-АРТЫНА ҚАРАМАЙ (ҚАРАМАСТАН)

Ойланбай, асығыс істелген іс туралы. ~ Омбыда, Ақмолада бірге жүрген, бір ниетті жолдастардың бәрі-ақ алды-артына қарамай, патшаның түскеніне мәз болып, жиылыстарға — топтарға араласып, «жалпы қазақтың пайдасын қорғап», әлеумет істеріне, саясат істеріне қатынаса бастаған көрінеді. С.Сей. ~ Сонан Барақ та алды-артына қарамастан жып беріп (әрине, кемпір-шалдың көзінше ештеңені аңдамаған адамға ұсап, жайбарақат қош айтысып, шыққан ғой) Жанайға тартқан көрінеді. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *