Posted in

АЛЛАНЫҢ ЖАЗҒАНЫ (ЖАЗҒАН ІСІ)

Тағдырдың маңдайына жазғаны. ~ Сізді айтса, бізді де айтар кейінгілер, Қояды кімді жұтпай бұл қара жер. Алланың жазғанына ризамын, Атақсыз, атсыз елер кей пенделер. Шәк. ~ Сөйтсе де дерт күшейіп, Ғалидың халі нашарға айналды. Нағашылары: «Еліне хабар жіберелік», -деп еді, Ғали рұқсат етпеді. – Алланың жазғанынан қашып құтылмаспын, құдай сақтар жібермеңіздер, – деп тоқтатты. М.Дул. ~ Сосын ол байғұстың өліп қалғанына мен де сене бастадым… Сөйтіп, Алланың жазған ісіне лажсыз көніп, мойындағандай болып едім. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *