Posted in

АЛЛА (ҚҰДАЙ) СӘТІН САЛСА

Құдай қаласа, орайы келсе. ~ Сонада есіңде ме, үш келеп жіп жудық қой, соны бояу керек еді, Алла сәтін салса саған арнап үлкен бір терме алаша тоқымақ болғанмын. Ж.Нәж. ~ Құдай басқа не салмайды. Алла сәтін салса, қолым жеңіл еді, әлі-ақ құлыншақтай шауып кете барасың. Ал, қане, жаным, шыда,— деп күбірлеп сөйлеп жүріп, қасындағыларға кеудесін басып отырыңдар деп ымдап қойды. С.Жүн. ~ Ендігі айтпағым: “Ау, ұлықтар, әділдік болса жер бетінде, өзі сау адам да емес, ауру адам, бұлай қорлатпаңдар, ендігі қалған өмірінде құдай сәтін салса, жазылар, не өзінің ақ өлімімен өлер, тым құрмаса күн көрсетіңдер, қолдарыңнан қағаз беріңдер. С.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *