Posted in

АЛМАҒАЙЫП ЗАМАН

Аумалы-төкпелі уақыт, дәуір. ~ …әке жолынан аулақ балалары мынау алмағайып заманда тіршілік қамында кетіпті. М.Мағ.~ Сонда сол елдің Сары деген биі: «Ау, халайық, қойныңдағы қатыныңды берсең де, осы жігітті еліңде қалдыр. Ертең алмағайып заманда еліңнің панасы болар», – деген екен. Сөйтіп жаңағы Ырыскелдіні байдың өзі қызын беріп, бала қылып алыпты. Т.Әбд. ~ Қалыңдық ойнап, қызықтап қыз ұзатып отыратын заман емес. Қызым қонақ асын жеп аттанар. Келіп, алып кетсін. Аласапыран алмағайып заман болмаса Ақсәнімді жетім қозыдай маңыратып жалғыз жіберермін деген ойым бар ма еді? Қайтейін заманның беті жаман» — деп Есберген бармағын тістеп отыр дейді. Ү.Жлк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *