Posted in

АЛМА МОЙЫН, АРШЫН ТӨС

Келбетіне көз тойғандай. ~ Жұғымды ғана, биялайға жуық кісі тəрізді. Несі бар? Бұрынғы қатыны да пəлен алма мойын, аршын төс кісі емес- ті. Ж.Айм. ~ …келесі мезетте көгілдір айдынның бетімен көгілдір жиекке қарай жүзіп бара жатқан.., келесіде көгілдір алқапта төбесінен төмен қарай көк гүлдер жауып тұрған.., келесі бір сәтте алқынған ақ бұлақтар алма мойын, аршын төсін аймалап аққан… Ия, ия, осының бәрі лезде із–ғайым жоғалып, денесін әлдене түтіп жеп жатқандай, сұрапыл сұмдықпен азап шегеді. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *