Айрықша қасиет біткен, таңдаулы. (Алтын түстес төбе шашымен туған сәби ерекше тағдыр иесі деген наным бар.) ~ Өйткені қазақ шекпенінің етегі сияқты далиып жатқан кең де, сайқын да жерінің бәрін-ақ басқыншылар билеп-төстеп, алтын айдар ұлды кесік құлақ құл қылды, ай десе аузы, күн десе көзі бар қызды шүйке басты күң қылды. Б.Қыд. ~ Адам өзін-өзі алдамайды, балам. Адам өзіне-өзі басу айтып, бақытсыздықтан сақтанады. Келіннің бауырында алтын айдар ұлың бар. Ә.Нұрш. ~ Ей, қара түн, жұлдыздарды қылғытқан, Құтқарсаңшы қу тірлікті құлдықтан?! Алтын айдар туса деп ем бір Ұлан Ақиқаттан, Шырылдаған Шындықтан! Қайғы қақтап, Қара жерде мұң қаптап, Қайыршының күні кетті қымбаттап. Шығыс жақтан шығар ма екен Таң-Ана, Алтын айдар бір Сәбиді құндақтап!!! И.Сап.
