Көпке қадірлі, сыйлы адам туралы; ғазиз басы; қайран басы. ~ Мен малға қызығып тамыр болғаным жоқ, өзі қайта- қайта кісі салып, шақыртып болмаған coң, «біреудің алтын басы еңкейсе… » деген мақалдай болмайын дедім. Шәк. ~ Айтқаныңыз жөн ғой, әпке. Жездемнің алтын басын кемітер мен бе екем. Ондай азаматқа бір емес, нешеуін алам десе де, қыз табылмас па… Қ.Жұм. ~ … өтті-кетті ерке- тотай заманымды еске аламын, сөйтіп иесіз таудың азат бұғысындай бұлаңдап жүрген алтын басымның кім көрінгеннің жұдырық жұмсағанына душар болғанына налимын. К.Сег. ~ Төртуылдың өз ішіне келсе болғаны, осылайша алтын басы кішірейіп, көп Жауғаштың біріне айналып кетеді… Қ.Жұм.
