Құнды қайнар көзі, алтын сандық д.м. ~ Табиғат та көрікті қиыстыра салады, қиналмайды. Біз ғой сол сұлулықты түсіне ал-май шаршайтын. Мына қыз Қаратаудың бір жақпарында жатқан алтын жүлгесіне ұқсайтыны ғажап. Д.Дос. ~ Алтын жүлге. Халық мұрасының қайнар көзі – көне заман әндері жөніндегі толғам. Д.Кш. ~ Қазақ жері тарих кітабының сарғайған беті. Туған өлкеге байланысты азды-көпті әңгімеге, атауына назар салып, тереңірек үңілсең-ақ алтын жүлгесіне кезіккендей кепке енесің. Д.Дос.
