1.Сұлу қыздың әдемі, ұзын кірпіктерін бейнелейтін тіркес. ~ Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін «Кел» десең, неге аяйын аттың терін. Сары ағаш сазға біткен секілденіп Қай жерде отыр екен бұраң белім?.. Сегіз сері. ~ Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар. Қас асыл бойы жетті, алтын кірпік, Шақырып Қодар келсе үйтіп – бүйтіп, Қара көзін қан басып қарағанда, Маңыма жолай алмайды Қодар үркіп… Жанақ ақын. ~ Махаббатқа, қуанышқа асығар, Алтын кірпік көздердің де жасы бар. Т.Берд.
2. Нұрын төккен күн шапағының поэтикалық сипаты. ~ Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің терезелерін шам жаққандай жарқырата бастады. Ғ.Мүс. ~ Төбелерді тасалай, баяу батып бара жатқан күн ауыл сыртындағы бойшаң жас теректердің ұшар басын алтын кірпіктерімен нұрға бөлеген. Ш.Айт. ~ Шалғын арасында жаңа қауыз жара бастаған сарғалдақтай, аспанның көк етін жыртып, әр тұстан жұлдыз оянды. Алтын кі
