~ Сол күнде, алтын сәулем, қолыңды бер, Жасытпа, жолым бастап, алдымда жүр. М.Жұм. ~ Суды атқан қуды атам деп аңғал мерген, Өмірде алтын сәулең осы көрген. М.Әу. ~ Ол Темірбекке қарап еді, күннің алтын сәулесі себілген беті сау, еркін көзіндей нұрланып кетті. С.Мұқ. ~ Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік, Шашатын алтын сәуле таңды күттік. Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та, Сатылдық та, тілекке ақыр жеттік! М.Жұм. ~ Сен болсаң жүрегімнің бір түкпірінде емес, бүкіл жүрегімдесің, бүкіл кеудеме толған алтын сәулесің. Анада алтын сәуле туралы айтып ем ғой, есіңде ме? Н.Сер.
