Posted in

АЛТЫН ТҰҒЫР

Қасиетті орын, киелі тақ. ~ Қалқақтап жүріп күнелтіп, Үйсін Төле билердің Түйесін баққан құл едің. Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің. Бұқар ж. ~ Асқарға талпынып, аспанда шарқ ұрмақ қыран
қиялдың алтын тұғырындай жиырма бес бір есептен азаматтың талай – тағдырын, болашақ бағдарын айқындайтын сын сағаты да сияқты. С.Ақт. ~ Ауыл деген – жастық шақ, жарқын ғұмыр, Ауыл деген – салт-дəстүр, алтын тұғыр. Тұнықтан жаратылған болмысымсың, Өлеңмен асырайын нарқыңды бір. Е.Нұр. ~ — “Алтын тұғыр қойса да қаз қаңқылдап қона алмас” деген осы екен ғой. Ауызың асқа, иінің киімге жарып есіркегенді қоймай, біреудің аузындағысына таласқан нақ қортық сен емес пе, — деді Бөке де әр сөзін тістене сөйлеп. Б.Жұм. ~ Бұрынғы өткен аналар мұра етіп тастап кеткен алтын тұғыр – үлкендер өнеге көрсетіп, кейінгілер сайланып сарапқа түсер қасиетті төр – қастерлі орынға аяқ ба

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *