Posted in

АЛТЫН ҚАЗЫҚ

Қамқор қолдаушы, жанашыр, мықты тірек. ~ Аллаға тілім
жазықты: «Аты арыса, қарны ашса, Қылсын деген азықты»
— Қыз Құртқа қағып кетіпті Кез бойы алтын қазықты. А.Бай.
(“Қобыланды б.”) ~ Осы желінің алтын қазығы болған Мұхаңа
(Әуезовке) келер болсақ, бүкіл ХХ ғасырдың қазақ әдебиетін
сәулесіне ораған, сәлиқалы тұлғасы бірден көзге ұрады.
Ж.Шәк. ~ Тыныш өмір бастаған ел-жұртыңнан екеуміз бірдей
кетсек, тағы да шырқы бұзылмасына кім кепіл. Мен үшін сен
дөңге қаққан алтын қазықсың, арқандаулы аттай айналып
келіп өзіңді табамын. А.Сей. ~ Күллі төре тұқымы соның
төңірегіне жиналып, ол Кеңесары әулетінің алтын қазығына
айналды. C.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *