Күзгі суықтан сәуір келіп, тәуір болғанша. ~ Бұл көктемді алты ай қыс күтіп едіңдер, Осылай басталады екен бүкіл өмірлер. Тал, теректер, түн бойы толғақ қысып… К.Ахм. ~ Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы. А.Алт. ~ Е, тәйірі, Барлықтың қалың қатпар қойнауы мен бүкіл Өбісін, Жараудың қоғасы мен қияғын сұр қазыдай кертіп жеген малдың қылшығы қисаятын ба еді. Алты ай қыс бойында Майлық ағаң бел шешіп ұйықтады ма екен?! Қ.Жұм.
