Posted in

АЛТЫ АУЫЗ (БОЛДЫ, ҚЫЛДЫ)

Ынтымағы, ауызбірлігі жоқ, сан-саққа бөліну. ~ Ол қазақтың еркін күнін, ескі дәуірін жоқтады, бұрынғы өткен ерлерді, батырларды, билерді жоқтады Ол күндегі байлықты, берекені, бірлікті, ерлікті, серілікті өлеңге қосты. Бері таман келген соң, қазақтың алты ауыз болып орысқа бағынғанын, елдің азғанын, жаттан көрген зорлығын, қала салғанын, жерді қақол алғанын, қол-аяқты кісендеп, жылдан-жылға өрісті тарылтып бара жатқанын сөйледі. Ж.Айм. ~ Алты ауыз қып қазақты, Басында патша ел алды. Елді өзіне қаратып, Төре, сұлтан шен алды, «Түтінге төрт теңгеден» Шаңырақ ақша жем алды. Алғашында алдаумен «Терісіндей өгіздің» Деп қана сұрап жер алды. Сол жеріне кент салды. І.Жан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *