Сәнді, салтанатты киіз үй. ~ Сәскелікте көтерілген күн сәулесі алты қанат ақ үйдің жарым-жартылай ашып қойған түндігінен мол түсіп тұр. С.Ом. ~ Болыстың ауылы қатар біткен екі әдемі көлдің жағасында, ауыл көкорай шалғынның үстінде. Біз отырған үй алты қанат ақ отау, іші таза. Жасаулы емес, бірақ төсеніштер жақсы. Кереге-уықтары сырлы… С.Сей. ~ Үшінші күні кешке бұлар Ұлытаудың солтүстік бір жасыл қойнауында отырған аппақ шағаладай алты қанат ақ үйге тап болды. Ә.Тар.
