Posted in

АЛЫП ҰШПА

Өрекпіген құбылмалы мінез. ~ Жазирада жел өкпелік, алып ұшпа мінез жоқ. Қандай жиын- тойда бойын билеген жастық жалынды сабырға жеңдіретін. М.Сүн. ~ Өйткені, қызыма қарасам өзімнің қарттығым есімнен шығып кетеді. Сірә, сонау бір сері кезімдегі жастықтың алып ұшпа қиялдары жүрегіме қайта орала ма деймін… Б.Тоғ. ~ Е, бала, адам өмірі өзінің ойлағанындай болмайды екен. Жас жүрек бәрін білсем, бәріне қанағаттансам деген алып ұшпа адал көңілмен жалындап тұрған кезінде оған дүние сондай қызықты сезіледі. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *