1. Ізден адастыру үшін алыстан айналып, жанамалап жүрді. ~ Досмағанбетпен көпке дейін бетпе-бет келмей, жанай өтіп, алыстан орағытып жүрді. Енді көктемгі егіс басталғалы тұрған соң оның жөні болмай қалды. Н.Дәу. ~ Өздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы «Қаршығалы» орманының ішінде шетірек отыратын құдандалы тілдесінің үйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді. Ғ.Мүс. ~ Осы кезде бағана дөң асып кеткен тракторлар алыстан орағытып, ана қапталмен қайта оралып келе жатыр еді. Қ.Жұм.
2. Айтар сөзін алыстан бастады, жанамалай, тұспалдай сөйледі, тоқ етерін айтпай, әр-нәрсенің басын шатты. ~ Шал ұзақ сөйледі. Алыстан орағытып, әңгіме желісін әріден бастады. С.См. ~ Осы сөзің еді күткенім, Исеке,— деп Бақан ырзалығын сездіре күлімдей қарады. Әлі сол тоқ етерін айта алмай, алыстан орғытумен әбден шатасқанына өзі іштей ренішті; Исахметтің жақтырмай кіржиіп, сөзін бөлгені де ая
