Ойы, қиялы әріге кетті. ~ Абай ойлы. Əлі тұр. Əлгі сөздерді тындап тұрғандай. Ол алысқа, қиыр көкжиекке көз тікті. З.Қаб. ~ Сағымның аңшылық машығын жүрегіне түйген ол жақын маңдағы аң-құсты секемшіл етіп‚ запы қылып жібермес үшін алысқа көз тіккен. А.Алт. ~ Төрге шықты. Малдас құрып отырды тіп-тік, сақалын саумалап. Нұрлы сұлу жанары боталап, ашық есіктен алысқа көз тікті. Кенет қос алақанын жайып алға соза көтерді де, әндете аят оқып кетті. Білегінде — таспиқы. Үй ішіндегілер бас тұқыртып ұйып ден қойды. С.Ел.
