Posted in

АЛҒЫР ҚҰС

Қырағы, жылдам, қиыннан ілетін қыран құс. ~ Еліктің еркетайы, ардақтысы, Алтайдың ақиығы – алғыр құсы, Алаштың Арқада еркін ойнақтаған, Жол тосқан жауыз жауда болды ма ісі? М.Жұм. ~ Боз үйде жалғыз қалып Баян енді, Жаралы жолбарыстай күңіренді. Қорғасын миын, ойын төмен басып, Ақылға алғыр құстай ашу төнді. М.Жұм. ~ Әр қазақтың ат десе, алғыр құс десе арқасы қозып тұратыны да осыдан болса керек. Астындағы аты үшін небір қияметке де көнуге бар. «Жалғыз атты кедей» деген атаққа да мойнын ұсынады. Ол ешқашан да атсыз қалып, «қу томар» атанғысы келмейді. Б.Мом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *