Көкірегін шер кернеді; дауыстап жылауға шақ қалды; көмейіне кептелген өксікті әзер тежеді. ~ Еркектік намысы жібермеген
Түгел алқымына өксік тығылып, көкірегі сыздағанмен оларға қосылып жылаудан өзін- өзі әзер тежеп қалды. Ү.Жлк. ~ Даусы
дір-дір етіп, алқымына өксік тығылғанын сезіп тұрмын. С.Мұр. ~ Жеңеше,—деп алқымыма өксік тығылып әрең сөйледім.
Ш.Мұр. ~ Жалғыздық…Адамы шұбырған үлкен қалада жалғыз болудан өткен қасірет бола ма өзі? Алқымына өксік тығылды.
Ж.Шам. ~ Баласы Қайсар мен келіні Роза есіне түсуі мұң екен, иегі кемсеңдеп, алқымына өксік тығылды. Ш.Бейс.
