Пәлендей (жақсы, жаман д.с.) емес. ~ Расында да колхозшылардың әл-тұрмысы анау айтқандай емес-ті. Шайтан шырақтай қылп-қылп етіп отырған әйтеуір бір өлмес тірлік. Қанды соғыстың ауыртпалығы алыстағы момын ауылдың да жүрегін сыздатты. Т.Бер. ~ …жаяу жылжысам ана жаққа қашан барып жетерімді де, қашан қайтып ораларымды да құдай біледі: өйткені, шыным сол, жаяу жүріске анау айтқандай алғыр емеспін. Серв. ~ Мен әйелдерді өмір бойы зерттеп келем, мен білмегенде кім біледі! Сонысымен катар, оларды зерттеу дегеніміздің өзі анау айтқандай тым қиын да нәрсе емес. О.Уай.
