Әлдебір жұмысты ілезде еңсеріп тастады; ит сілікпесін шығарды. ~ Сіздер қалай салдыңыздар, әке? – Біз бе, біз бір-ақ айда апай-топайын шығардық. Сенім мен ықылас біріккен жерде аса алмайтын асу бар ма, ұлым. О.Бөк. ~ Сол күні бюро саған ұзаққа созылған сияқтанып еді; сүйтсе басы-аяғы жарым сағаттан аспапты. Бірақ сенің апай-топайыңды шығаруға со да жетті. Ә.Нұрп. ~ Әбжал екі күн өтіп, үшінші күні таң ағараңдап атқанда келді. Сол түні-ақ Қожанияз бастап бес милиса келіп, ауылдың апай-топайын шығарды. Б.Май.
