Қиын-қыстау, құбылмалы, аласапыран кез. ~ Тарбағатайда бірге туған ағайыны жоқ, тек рулас, аталас деген бес-алты үй болмаса, қалғандары түгел анау апалас-төпелес уақытта арғы бетке ауып кеткен екен. О.Бөк. ~ Кешегі апалас-төпелесте Жәмшит дейтін суаяқ парторх қойлы-қорасымен бәрін бір-ақ басып қалған. Қазір май шайнап отыр. Т.Сәу. ~ Көктем көзі жылысымен қиды апалас-төпелес ойып жіберсек, құда да, құдағи да тыныш еді. Қыс бойы завфермеге жарапазандадым, мыңқ етпеді сабазың. Терісі талыстай иттің. М.Қаб.
