Posted in

АППАҚ ҚУДАЙ БОЛДЫ

Түр-түсі (сақал-шашы) аппақ боп ағарып кетті. ~ Оның құлағынан ыңырсыған дыбыс әлі кеткен жоқ, кейде көзінің алдында аппақ қудай болып, көзі илбиіп, жағы суалып, серейіп жатқан бастапқы күйеуі ерекше елестейді. Ол елестегенде Кәтіштің жүрегі мұздай болады. М.Дәу. ~ Сақал– шашы бұрынғыдан бетер аппақ қудай болып, жұтқыншағы шығып тұратын мойны әлдеқайда сорайып, көзі жасаурап, бүкшиіпті де қалыпты. Ш.Айт. ~ Айналып ауылға келіп тұрғанын да білмеді. Көрген жұрттың имандары тас төбелерінен шықты: Әншінің сақал–шашы бір талы қалмай аппақ қудай болып ағарып, жүзі түгел күйіп кетіпті. «Құдай кешірмеді», деп міңгірлеген. Бірақ, онысын өзі де естімеді. Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *