Posted in

АП-САП БАСЫЛДЫ (ТЫНДЫ)

Жұрттың аяғы сиреді, ел тынышталды; абыр-сабыр тынды. ~ Ап-сап басылған. Терезелер терлейді. Сырт лайсаң. Таңертеңгі қар еріген. Күзгі жаңбыр бетіне жасын жағып, өтірік жылайды. Кіре бере жүздерін алақанымен сыпырып, қалпақ, кепкілерін қағып-соққан қалың жұрт. М.Қаб. ~ Бибіштің осы ақылы менің де көкейіме қонып тұр. Айтты- айтпады, ұлықтың арыны қайтқанша, қайын жұртыңызға бара тұрсаңыз қайтеді. Кейін ел іші тынышталып, ап- сап басылған соң, қайта ораларсыз, — деген ол да Бибіні қостап. Қ.Жұм. ~ Жел ап-сап тынған. Салқын самал бет-ауыз сипалайды. М.Қаб. ~ Осындай жел-құз ап-сап тынған ыстық күні аттылы адам тау бөктерлей жортақтап, жасыл жайлауға бет түзеді. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *