Posted in

АП СОҚҚАНДАЙ (БОЛДЫ, ЖҮДЕДІ)

~ Мәмет бір жұмадай салбырып, еңсесі түсіп жүрді. Ап соққандай болды. Оқуды да доғарды. Ж.Айм. ~ Жолдастар ап
соққандай жүдеді. Беретін асы — ылғи қара су мен сырты күйік, іші шикі қара нан. Бұған да үйреніп алар едік. Бұған да онша жүдемес едік. Жүдететін бізге келетін сансыз ұлықтың адамшылықтан тысқары қорлықтары, мазақтары. Жүдететін қаптаған ауыр ой. С.Сей. ~ Айбынды басшы ап соққандай қартайыпты. Өткен күз Жорғаның пышағынан қалған
жара əлі жазылмапты. Майраның əпшүні дуасы алуан ішірткісі, майы кəнігі дəрігердің еміндей қонбапты. Ж.Айм. ~ Далаға салған інінен жер бауырлап ұша берген ұялы қос итала қазбен де бірге жарысып, олар биіктеп кеткенде барып, ауылға қарай зымырады. Жұрт орынға отырған кезде бір-ақ оралған құла тай со жолы ап соққандай теңселіп, қатты шаршады. С.Жүн. ~ Түрме он екі бөлмелі. Бәрінде лық толған тұтқын большевиктер. Қамаудағы жұрт ап соққандай жүдеді. Біз ж

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *