Қатынастарына нұқсан келді; араларынан қара мысық өтті. ~ Иә, әрқайсысы өзін Яссауи мешітінің күмбезіндей зор санайтын екі рудың екі батыры жанжалдасса, оның артында тұрған екі ру ел де қырғи-қабақ болады. Араларына қылау түседі. Мұндай жанжалдар тек хандардың мүдделерінен шығуы керек-ті… І.Ес. ~ «Айтса дағы айныман Көлденеңнің сөзіне», – деп қазақтың дауылпаз ақыны Махамбет айтқандай, алыс– жақын айнымалылардың айрын– үйрін елең қылмай, Шыңғыс Айтматовпен адал достығына қылау түсірмей қаз– қалпында ұстап келе жатқан санаулы шоң қырғыздардың бірі һəм бірегейі осы… З.Қаб.
