1. Қаскүнем, пиғылы теріс адам туралы. ~ Ол тоя ішіп, қызара бөртіп алған күні мына Алатауды Шұбардың үстіне, жөні келсе нақ Алдабергеновтің төрт бөлмелі, аласа баспанасының нақ үстіне құлатпақ та болады. Арақ ішіп алған соң арам сирақ қулардың қармағына ілініп, өтірік арызға қол қояды. С.Бақ. ~ Сағат өзін туған қазақтың сонау бұлдыр күндерін ойлады. Өзінің бүгінгі жетік, бұла боп өскен шағын көз алдына келтірді. Соның бәрін ойласа, елінің күндей күлген ертеңгі күні тағы да елес береді. Арам сирақ сұм дұшпан «күніңді батырам» дегендей өрепкіп, жыланша жалап келеді. Ғ.Сл.
2. Ұрлықпен, теріс жолмен келген. ~ Енді мынау ағаларының ортасыңда ауылына келе жатқанына таң қалды; таң қалып қана қойған жоқ, өзін бейне бір арам сирақ ұрлық малындай, әкесіне арам жегізетіндей көрінді. Ж.Айм.
