Екі жақты шағыстырды; бір-біріне айдап салды. ~ Енді әкеге де айта алмайсың, айтсаң, әкең мен шешеңді шағыстырған
болып шығасың, енді атаңа да айта алмайсың, айтсаң екі үйдің арасына от салған боласың, Жанәли, әкесінің кенже інісі,
бұнымен сырласатын, бұны түсінетін сол еді, — ол демалыста. Ә.Тар. ~ Шамалары келсе, олар еңбекші халықты қайтадан
құл еткілері келеді, алпауыттар мен ірі байлардан кедей – жалшыларға алынып берілген жер – суды қайта тартып
алғылары келеді, орыс халқы мен қазақ халқының арасына от салып, жауластырғылары келеді. С.Ом. ~ Жұртты бөліп, бір-
біріне айдап салу, өшпенділік тамыздығын тұтатып, ағайын арасына от тастау, іштен шықкан шұбар жылан – сатқындарды
пайдаланып, іштей іріту – жергілікті патша әкімшілігінің жымысқы саясатының басты бағыттары болды. C.Ақт. ~ Енді ойласа,
ағайын арасының ұсақ араздығына бола екеуінің арасына әдейі от тастағандай сезінед
