Posted in

АРАША БЕРМЕДІ

Ырыққа көнбеді, дес бермеді. ~ Осыдан әрі Сейіт Айсаның үйіне жетіп, атын ұстатып алғанша, кедей ауылға жиырма-отыз сойыл, шоқпар, арқан, шылбыр алған қызбабас, құтырған жігіттер шауып келді. Айсаны сабап, араша бермей, Сейітті ортаға алып, тобымен жабылып, дедектетіп алып кетісті. М.Әу. ~ Ашуы қатты деймін-ау, бұл кісінің қолы одан да қатты екен. Жеңгеміз бір ажалдан қалды, құдай сақтап. Тіпті бұл Сәкеңнің кісіге араша бермейтінін қайтерсің. Араға түсем деп өзім де таяққа сілейіп шықтым. Т.Ахт. ~ Қаны басына теуіп, көзі қарауытқан Асқар жынданған адамдай, ешкімге араша берместен Уәлиді қамшының астына алып, тамағы қарлыққанша айқайлады. Т.Әбд. ~ Анада астанада болып қайтқанда бұны Әзімнен қызғанып өлтіре жаздаған жоқ па? Тіпті кеше өзінің туысы – Сары Шаяны да жұрттың көзінше араша бермей шырылдатып сабап, беті-аузын даладай қан қылды ғой. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *