Еш қарсылық көрсете алмай, байланып қалғандай (болды). ~ Әлгі тарылдақ неме құдды арбалған торғайдай шырқ айналып шығар емес. Кенет есіктің алдындағы үюлі күлді бұрқырата аспанға көтеріп, дәл жер ошақтың қасына кеп қонды. Ә.Кек. ~ Оның ықыласпен кіріскенін көргенде арбалған торғайдай есі шығып отырған арыз иесі: “Е, Құдай бере көр!”– деп бір көтеріліп қалатын. Ә.Нұрп. ~~ Неге қисын жоқ? Жігіт қызға, қыз жігітке қызықпай ма? Болыс сайлауға ауылға келді, сұлу қызды көрді. Қыз да жұтынып тұрған жігітке арбалған бозторғайдай түсті де қалды. Бір күн көрді, екінші күн сөйлесті, бітті шаруа. К.Қаз.
