Қалай болғанда да ұтылмаудың амалы. ~ Қазақи қағидада шыңарақтың туын ұл- қызың емес, сол қазақ босағадан орын
берген келін ұстайтынын ұқты. Ұлбалаш арба сынбайтын, өгіз де өлмейтін жол іздеп, таба алмай қиналды. C.Шайм. ~ Мұндай
үлкен шаруамен ғұмыры айналыспаған қарапайым суретші үшін мынау шынымен қиын мәселе болды. Екі арада арба да
сынбайтын, өгіз де өлмейтін ұтымды жол табу керек… Ә.Асқ. ~ Нені ойлансын?.. Ауатком председателі тап деген екен, онда
ойланатын не тур?.. Әлде арба сынбайтын, өгіз өлмейтін жол тап дегені ме?.. Қ.Ысқ.
