Posted in

АРДАН (ҰЯТТАН, АР-ҰЯТТАН) БЕЗДІ

Адамгершіліктен тайды, ар-ұятты белден басты. ~ Ардан, ұяттан безіп, қиянаттың, жауыздықтың дәуірі енді ашықтан-ашық жүрді… С.Сей. ~ Маған қол көтерсен де, өз келініңнің алдында ар-ұяттан безбесең етті,— деп ол бетінің қанын жуу үшін өзен жаққа кетті. Б.Тоғ. ~ Бізден де ұяттан кеткен, ардан безген арамзалар шығып, газет таратқан болып, ел ішіне әрекет шашқалы жүр. С.Сей.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *