Құнсыздың қадірі болмайды. ~ Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін. Б.Соқ. ~ Бүркітті сағынған мен, бармау жайын Қалисаға ақылдасып ем: — Бар,— деді ол,— еркекке бұлдана білмесең қадырың кетеді. «Арзанның жілігі татымайды» дегенді аталарың босқа айтпаған. Сүйген адамыңа болса да арзан берілмеу керек, діңкесін құртып барып қосылу керек. Сонда ғана бұлды боласын. С.Мұқ.
