Дегеніне жете алмай кетті, мақсат-мұратына қолы жетпей, құса боп өмірден өтті. ~ Бәтішті тауып алды. «Ел құлағы елу», естімей тұра ма? Елінен кісі келіп, көп шүйінші беріп алып кетті. — Сорлы-ай! Арманда кеткен екен! — Ой, бәрекелді-ай!— десті жігіттер. Ж.Айм. ~ Қайран Базаралы-ай, күнің өтті-ау… Сен болсаң, тым құрыса, адал жолыма арам қанды қатар төгісіп қалар ем-ау! Азаматым-ай, арманда кеттің-ау!— деп отыра кетті. М.Әу. ~ Тектұрмас деген батыр… Айша Бибі сұлу қалындық. Тектұрмасқа жетуге бір күншілік жер қалғанда сол күмбез көтерілген жерде, қаза болған… ─ Екеуі де арманда кетті десеңізші?…─ Иә, арманда кеткен, ─ деп Бағдан күрсінді. С.Шай. ~ Менің ойыма өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі біржола ұялап, шегеленіп қалды. Ғ.Мүс. ~ —Шіркін боздақ, арманда кетті ғой! Әйтпесе, адам болатын баланың бірі еді! Б.Соқ.
