Біреудің бақытына қызығушылық ретінде айтылады. * Бала десе Ұрқия ішкен асын жерге қояды. Балалы қатындарды
көргенде, іші жарылып кете жаздайды. «Осылардың да арманы бар ма екен?» деп ойлайды. Ж.Айм. * «Япырмай, орысша
оқыр ма еді! Әбілда періуатшіктердей болар ма еді… Олардың да арманы бар ма екен…» деген ойлар еді оның басын
қатырған. Ж.Айм. * Түс киіз, алаша, текемет, кілемдерді үйгенде тіпті ауыздарының суы құрып: – Шіркін-ай, Ақтоқтының да
арманы бар ма екен,— деп кейбір дарақы әйелдер дүние жаңылдығын көрсетсе, Ақтоқты жаратпай қарап, тыйып тастады. —
Ақандай жары, Жалмұқандай күйеуі бар адамның арманы болушы ма еді?! С.Жүн.
