Арман-қиялының жетегінде кетті. ~ Сеніменен бас қоспасам, бұл қалада не қимақ бар? Қимас кімім бар сенен басқа? Кетемін, кетемін алысқа арман қуып…» Н.Сер. ~ Әз-ана ауылдан аттанған ұлын «Арман қуып кетті» деуші еді ғой. Бұл қайдағы Арман. Менің көңіл көгімді қас-қағымда тілгілеп өткен ой тіркесі осылай. Ә.Ысқ. ~ Керек десеңіз мен әлгі Қозы мен Баян күмбезін де жай ғашықтарға арналған күмбез дей алмаймын. Халық арман қуалаған әманда. С.Шәй.
