Тоз-тоз болып, берекесі кетті. ~ Жапырағынан айырылған селеу-селеу кәрі бұтақтың басында қарқылдаған тозған қара тағандай сөзі де, басы да бірікпейтін бізде енді не қауқар қалды. Әділ билік те түтеленіп барады. Аз жылдың өзінде ел билігі шабағы тозған арбаның доңғалағындай арса-арсасы шықпады ма? С.Жүн. ~ Үстіндегі көкжелегін тұт жалаңаш сыпырып алып, төбесіндегі мың жылдық мұзарт еріп, арса-арсасы шыққан кәрі тау сорасы ағып жылап тұрды. Т.Сәу. ~ Олар да қазір жемін оңайлықпен таба алмай, көк теңізде сабылып жүр. Таңдай жібітер су іздеп, жаны қыдырып жосып кеткен осы теңіздің азын-аулақ балығын қуа-қуа қазір арса-арсасы шыққан. Еті азайып, сүйегі өсе берген. Әсіресе сүйектері арбиған баста үңірейген қомағай көз бен ауыз ғана. Ә.Нұрп.
