Posted in

АРТЫНА ТАСТАП КЕТТІ

Аманат, мұра қылып қалдырды. ~ … ертең қара жер бетіндегі өзің бітіре алмай бара жатқан көп күйбеңді аманат етіп артыңа тастап кетер перзент ермегені осы жүріс-тұрысыңның бәрін қара суға теріс аққандай түк мәнсіздендіріп жібереді екен. Ә.Кек. ~ Бейбақ бабасының қалай өмір сүргенін олар да біліп қойсын. Ең болмағанда, сондай бір сорлы бабамыз дүниеден өткен екен, артына ұрпақ тастап кеткен екен деп, мені есіркеп еске алар. С.Ом. ~ Жерді сатуға қарсымын. Жер — ата-бабамыздың бізге тастап кеткен сыйы. Оны сатуға‚ сатып алуға менің құқым жоқ. Қ.Түм. ~ Көзін ашқаннан бері көргені қой мен қойшыға тиесілі шабан ат. Осы кәсіп оған әкесінен ауысты. Тіпті артына тастап кеткен мұрасы деуге де болады. О.Көш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *