Posted in

АРТЫН ЖАПТЫ

Кем-кетігін жасырды. ~ Е-е, Нұртаза-ай Нұрмағанбет алжушы ма еді. Ол түгілі бір аяғы жерде, бір аяғы көрде отырып мына Мәтекең де тіріге есесін жібермес. Одан да аталарына ас берем деп тыраштанып жалаңбұт қалған немелер, енді қарауылға жала жауып, артын жаппақшы десеңші… С.Жүн. ~ Қытайлар мен мықтап араласып, соларға сіңіп кеткісі келгенінің пайдасы енді тиді. Ішпей-жемей ақша жинайтын олар Құзырдың бетін жерге қаратпады. Білімді, талантты жанды құрметтегені ме? Бастығы да артын жауып қорғаштады, ешкімге сыр шашпады. Н.Абд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *