Әлдебір істің аяғы күмәнді болды, шатаққа ұласты. ~ Енді ондағы күн бар ма? Төбелестің арты насырға шапқалы тұр. Ж.Айм. ~ Машанов темен қарап, үндей алмай қалды. Істің арты насырға шабатынын сезіп, сөзге Жанұзақ араласты. Қ.Жұм. ~ Осы екі даудың арты насырға шабатын түрі бар. С.Ом. ~ «Солай да солай ойланбай iстеген iстiң соңы мынандай насырға шапты. К.Сег. ~ Ол өзі — аяқ астынан бүрк ете қалған стихиялы қозғалыс қой. Бас- аяғы екі- ақ күн… Соңы насырға шабар деп кім ойлаған… Қ.Жұм.
