Posted in

АРТЫ ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН

Көңіл айту үлгісі. ~ Байға көңіл айтып, бата қыла келген елдің ақсақал, қарасақал замандастары: «Е, бай!
Бәйбішеңізді беріпсіз, алды иманды, арты қайырлы болсын. Бұрынғы еткен аталарымыздың айтқаны бар
емес пе: «Қатын өлді – қамшының сабы сынды», «Байдың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, жарлының қатыны
өлсе, басы қаңғырар» деп, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, жастың алпысқа келгеніне қарамай-ақ мал
берсең, біреу өзі-ақ қызын әкеп тастар. С.Көб. ~ Уағында хабарласа алмадым, қазаның арты қайырлы болсын. Құдай
бәрiнiң алдынан жарылқасын, иман-байлығын берсiн. Ә.Ыб. ~ – Шырағым, – деді Сырбай бөгеп, – басқа төнген зор қауыпты
сен кішірейтем дегенмен кішірейе қоя ма ол. Тек арты қайырлы болсын, жүдә, бір керемет болғалы тұр екен. Мұны
қайтесіңдер енді? C.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *